Қалалық кітапханада «Қазақтың тарихи тұлғалары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Қазақ даласының ұлы тұлғаларын паш ету. Қазақ халқының тарихи тұлғаларына тағзым ету арқылы жас-ұрпақтың өз елінің, жерінің тарихын, тұлғаларын білуге тәрбиелеу.
Кеште тарих пәнінің ұстаздары Тау-Кен колледжінің ұстазы Мурсалимова Бейбіткүл Бауыржановна, №7 ЖББМектебінің ұстазы Төлегенова Мақпал Үміталаповна қатысты. Іс-шара барысында ұстаздар қазақтың тарихи тұлғалары, ата-бабаларымыздың ерліктері және тарихқа қатысты оқиғалар туралы баяндама айтылды. Оқырмандар сұрақтарға жауап беріп,белсене қатысып өз ойларын ортаға салды. Кеш барысында кітап көрмеге шолу жүргізілді, кітап көрмеде әр ғасырда қазақ ұлтының ертеңі үшін туған ұлы тұлғалар, жау-жүректі батырлар, дана би-шешендер, ел бастаған көсемдер, ақын-жазушылар туралы кітаптар қойылды.
Жаңалықтар
«Қазақтың тарихи тұлғалары»
Қаралды: 12
