Дөңгелек үстел
1 Наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қазақстан – мейірімді мекен» атты дөңгелек үстел өтті. Іс – шара барысында әр адам өз ойын ашық жеткізіп, еркін тақырыпта пікір алмасып, әдемі сыр – сұхбат болды. Келген қонақтарға кітап көрмесі ұсынылып, шолу жасалып, кеш ерекше көңіл – күймен мәресіне жетті. Іргесі берік ел болам деген халық ең әуелі ұрпаққа патриоттық сезімді сіңіріп, тарихы мен дәстүрін танып қана қоймай, ерекше ықыласпен жүрек түкпірінде мойындай отыра құрметтеуді үйреткені жөн. Әрине, ол үшін балаға дұрыс тәрбие , адамгершілік қасиет пен рухани құндылықтарды жетесіне жеткізіп, санасына құя білсек, нұр үстіне нұр болмақ.Биікке шыққысы келген адам өз айналасындағы қоғамның биікке көтерілуіне қолғабыс ете білгені жөн. Яғни, айналамызда өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдерінің ұлттық құндылығын сыйлап, қаншалықты құрмет көрсете алсақ , әлбетте біздің де парасат деңгейіндегі биігіміздің айғағы деп білемін. Ауызбіршілік пен татулық ту еткен халықтың қашанда шаңырағы биік, керегесі кең, босағасы берік болары сөзсіз.
