«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Аз ғұмырлы – Алаш ақыны

Биыл  2017жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында бірауыздан «Жыл кітабы» атанған ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалды. Акцияға байланысты Қалалық  Орталық кітапханамызда              «Аз-ғұмырлы-Алаш ақыны» атты поэзия кеші өтті.

Кештің мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жастарды рухани мұрамызды сақтауға, Отаншылдыққа, әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

Кешке   № 1 қазақ орта мектебінің әдебиет пәнінің мұғалімі Иманберлина Мереке Қадыловнаның жетегімен  мектеп оқушылары қатысты.Поэзия кеші ең алдымен ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен  таныстырылудан басталды. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі қамшының сабындай қысқа ғұмырында өзінің жігермен алға ұмтылған, ол туған халқының тарихындағы от жүректі ақын әрі қоғам қайраткері, ұлтын шексіз сүйген азамат. Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы — өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы,  өмір шындығын сыншыл көзбен қарағандығы туралы айтылды. «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам!» деген рухты жырларымен, өлеңдері мәңгі өшпес із қалдырған. Ақынның өлеңдерін кешке келген оқушылар, кітапханашылар нақышына келтіріп,  мәнерлеп оқыды  «Алашқа»,  «Түсімде көрген бір аяныш хал», «Орнымыз медресе оқып жатқан», «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам», «Арманым», «Балалық күн»,  сонымен қатар, кеште вертуалды көрме көрсетілді.  Ақын кейінгі ұрпаққа құнды әдеби мұра қалдырды , өскелең ұрпақтың идеалына айнала алатын дара да, дана ақынның шығармалары мәңгі өшпейді, кеш соңында оқушыларға  белсенді қатысқандары үшін алғысымызды  айтып буклеттер таратылды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово