«Кейінгі буын кітап оқымайды» деген айыптауды үлкендер тарапынан жиі еститін болдық. Компьютер мен технологияның қарыштап дамыған бүгінгі шағында жастарды рухани байытуда кітаптың қызметін ешқайсы алмастыра алмайды. С.Сейфуллин атыңдағы кітапхана қызметкерлері жұртшылықты , соның ішінде жас буын өкілдерін кітап оқуға насихаттау мақсатында «Ашық аспан астындағы оқу залы » акциясын ұйымдастырды. Мұнда кез-келген адам ұсынған , кітаптармен танысып оқуларына болады. Кітапхана алдындағы саябақта «Ашық аспан астында» атты тақырыпта, әдеби кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмеде оқырмандар қауымына кеңінен тараған жаңа кітаптар ұсынылды. Кітап көрмеге көшеде өтіп бара жатқан қала тұрғындар мен саябақта жүрген демалушылар және кітапхана оқырмандары келіп тамашалады. Кітапханашылар оқырмандарға көрмедегі кітаптарды таныстырып ,қысқаша әр кітапқа шолу өткізді. Көптеген қала тұрғындары белсенділік танытып , өз ойларымен бөлісіп, ілтипаттарын танытты.
Жаңалықтар
Ашық аспан астындағы оқу залы
Қаралды: 27
