Бүгін, қалалық орталық кітапханада “Халықаралық қарттар күніне” орай "Қарттарым-қазынам" атты қариялар арасында салт-дәстүр көрсетуден байқау өтті.
Байқаудың мақсаты, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау. Қарттардың өмірлік тәжірибесі мен білгенін жас ұрпаққа жеткізу арқылы қазақ халқының бай мұрасын жаңғырту.
Қатысушы әжелер байқау барысында әр түрлі салт-дәстүрге байланысты кезеңдерден өтті. Әжелер қилы әңгімелерді ортаға салып әңгіме дүкен құрып,қызықты өтті. Өмірлік тәжірибелерін, әрбір салиқалы сөздері кейінгі ұрпаққа үлгі. "Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра" деген дана халқымыз айтқандай байқауда әжелердің даналықтарын, өмірлік өнегелерін, мейіріміділіктерін көруге болады. Іс-шара соңында жүрек жарды сөздер айтылды. Кеш соңында, кеш қонақтары ән айтып, би билеп, құнды сыйлықтарға ие болды!
