"Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ ұйымдастыруымен 1 қазан - Қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешке қаламыздың құрметті еңбек ардагерлері қатысты. «Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры Байшукенова Тлеухор қонақтарды мерекесімен құттықтап, әннен шашу шашты. Кеш барысында қарттарымыз жылы лебіздерін білдірді. №7 ЖББМ-нің 5 сынып оқушылары ата-әжелерге арнап өлең оқып, хормен ән шырқап, дайындаған ашық хаттарын сыйлады. Боранқұлова Арай, Дүкенбай Еркебұлан қарттарға арнап ән шырқады. Сонымен қатар кітапхана ұжымы дайындаған шағын қойылым қойылып, қарттармен ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Риза болған қарттарымыз ақ баталарын берді.
Жаңалықтар
Қарттарым-асыл қазынам
Қаралды: 19
