Дөңгелек үстел
Қалалық кітапханада Қаражал қаласының 60 жылдығына орай «Қаражал-құт дарыған ел мекені!» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде қаламыздың тарихы , киелі жерлері, тарихи ескерткіштері, табиғи байлықтары туралы сөз қозғалды. Іс-шара барысында сұрақтар қойылып, оқырмандарымыз белсене қатысты. Іс – шара барысында қаламыздың 60-жылдығына орай «Киелі өлкем-Қаражал» атты тақырыпта оқырмандарымызға кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап-рухани қазына, байлық, өмір айнасы, тарих шежіресі , оқу тәрбие құралы. Осы мақсатта оқырмандарымызға қала тарихымен таныстырып, өңіріміздің ақын - жазушыларының кітаптарына библиографиялық шолу жасалды.
Жаңалықтар
Қаражал-құт дарыған ел мекені!
Қаралды: 18
