«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Қарағанды облысына – 80 жыл

Қаражал қаласының С.Сейфуллин, атындағы кітапхананың оқу залында Қарағанды облысының 80 жылдығына орай «Қарағанды облысына – 80 жыл», « 80 лет Карагандинской области» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Кітап көрменің мақсаты: Қарағанды облысының тарихымен кеңінен таныстыру.

Кітап көрмеде кенді қала Қарағанды, мысты өңір Жезказған,Балхаш, Теміртау,Ұлытау, Саран, Приозерск, Сатпаев және де Қаражал қалалары жайында көптеген тарихи мағлұматтармен қамтылып, тереңнен таныстырылған.

Көрме төрт бөлімнен құрылған:

Бірінші бөлім «Қарағанды облысының қалалары мен аудандары» бұл бөлімге Гаврилова Е.П. Мемориал Караганды, ,Ибаділдин Ж. Жер кіндігі Жезқазған.Балхаш атты кітаптар қойылса,ал, екінші бөлімге «Тарихи құнды жәдігерлерімен ескерткіштері» тарихи ескерткіштеріне арналған басылымдар қойылды. Үшінші бөлімге «Қарағанды облысының атақты тұлғалары» Алаштың Ақселеуі, Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы, Сарсекеев М. Қаныш Сатпаев деген атақты тұлғаларымыз жайлы жазылған кітаптар қойсақ,  төртінші бөлімге «Туған өлкем Қаражал»Қаражал- Жәйрем аймағы.Каражал-Жайремский регион, Летопись города Каражал Карагандинской области атты жарық көрген аймағымыздың басылымдары қойылды.

Кітап  көрмеге кітапхана қорынан  47-кітап қойылды.

Кітап көрме жыл бойы оқырмандар қауымына толықтырылып  ұсынылады.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово