
Аманбай Баймышев 1956 жылдың 6 наурызында Жаңаарқа ауданы, Ақтау кеңшарының, Желтау өңірінің, Қоратау қыстағында дүниеге келген.
1972 жылы Жаңаарқадағы №161 Сәкен Сейфуллин атындағы мектепті үздік бітірген.
1972-1985 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласында түрлі мамандықтар бойынша жұмыс істеген.
1983-1989 жылдарда Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін сырттай оқып бітірген.
1985-2007 жылдарда Ақтау орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беріп, ауылда айтыс өнерінің өсіп-өркендеуіне үлес қосты. Жоғарға санаттағы ұстаз ретінде әдістемелік нұсқаулары аудан көлеміне танымал.
2007 жылы ден-саулығына байланысты зейнетке шықты. Халықаралық дәрежедегі «Ұлт мақтанышы» медалінің иегері, Халықаралық жазушылар Одағының мүшесі. Өлеңдері, әңгімелері аудандық, облыстық, Республикалық газет журналдарда жарияланған.
2017 жылы «Жырлаймын туған елімді» кітабы жарыққа шықты.
Бұл кітапта автор өмір өткелдері мен өрнектерін, ел мен жер тарихын, ел бірлігін, тәуелсіздік тақырыбын тебірене толған, табиғатпен бірге тыныстап, түрлі андар мен құстардың қызықты әрекеттерін тартымды баяндайды және етене жақындарына өзінің жүрекжарды сезімдерін арнайды.
