«Бір ел – бір кітап» аталатын республикалық деңгейдегі дәстүрлі акция биыл оқырмандар арасында он бесінші мәрте ұйымдастырылуда. Жоба әдебиетіміздің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған . Жыл кітабы болып таңдалған кітаптар кітапхана оқырмандары арасында кеңінен насихатталып жатыр. Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Осыған орай «Акция кітаптарын оқиық!» атты акция өткізілді. Акцияға ұстаздар қатысып, 30 кітаптың мазмұнын ашып, әр жанрдағы кітаптарды таныстырып, жаппай оқуға таңдалудағы ерекшелігі, мазмұны туралы айтып берді. Іс – шараға қатысушылар алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Жаңалықтар
Акция кітаптарын оқиық!
Қаралды: 4
