
Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі » тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай мектеп оқушыларының қатысуымен әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеште оқушылар ұлы ғалымның ғылыми еңбектері мен әдеби мұралары, сондай-ақ өмір жолы туралы сөз сөйлеп, өлеңдерін нақышына келтіре орындады. Іс-шара барысында қазақ халқының әлеуметтік, саяси, тарихи өмірінде орыны айырықша зор тұлға — Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерді дарыту, ақынның құнды мұраларын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында өмір жолымен қызметі дәріптеліп, бейне роликтер мен слайд көрсетіліп, сұрақтар қойылып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берілді. Өткен тарихымызды бұрмалаусыз, тура қорытудың бiрден бiр жолы, халқымыздың болашағы үшiн бар ғұмырын күресте өткiзген арыстарымыздың артында қалдырған рухани мұрасын оқырманның, əсiресе жас ұрпаққа дәріптеу біздің міндет. Кеш соңында оқушылар сөздерді әлемнің 41 тілінде оқып, «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» атты кітап көрмесімен танысты. Кітап көрмеге кітапхана қорындағы тілге байланысты әдебиеттер мен ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметтер орын алды.
