
Астананың жиырма жылдық мерейтой аясында, жергілікті жазушымыз Төлеухан Ілиясұлының « Адамзаттың Абзалы – Мұхаммед» (С.Ғ.С) атты кітаптың тұсаукесері өткізілді. Кешке Қаражал қаласының әкім орынбасары Д.Жақыпов, Қаражал қалалық мәслихат хатшысы З.Оспанова, Қаражал қаласының орталық мешіттің найб имамы Т.Советов, зейнеткер ұстаздар, ақындар, кітапхана қызметкерлері , оқырмандар қатысты. Кеш кіріспесін Төлеухан Ілиясұлы бастап беріп, осы кітаптың жарыққа шығуына зор үлес қосқан кәсіпкер Ө. Мұхамбетовқа алғысын білдірді. Құттықтау сөз қала әкім орынбасары Д. Жақыповқа , Қаражал қалалық мәслихат хатшысы З.Оспанова беріліп, осы іс-шараға қатысушылар жалғастырды. Ақынның достары, аға – інілері өздерінің ақжарма тілектерін жаудырып,Т.Ілиясұлының еңбегі жайындағы пікірлерін ортаға салды.
