«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Абай - дара тұлға!

2020 жылдың 14-ші ақпан күні С.Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай – дара тұлға!» атты танымдық кеш ұйымдастырылды. Кештің мақсаты Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау болды. Бұл кеште Тау – кен колледжінің 3- ші курс студенттері викториналық сұрақтарға және сөзжұмбақ пен ой жүйрік ойындарына белсене қатысты. Соңымен қатар біздің яғни, «Абай халқымыздың данасы» атты блогына шолу жасалды. Кеш барысында жүргізушілер презентация қойылып, А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолындағы өлшеусіз еңбегін насихаттау мақсатында қатысушыларға жан-жақты ақпараттар ұсынды. Кеш соңында студенттерге «Әлемге танылған – Ұлы Абай» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово