«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Абай - дана, Абай - дара қазақта

10 тамыз күні   С.Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада Ұлы ақын Абайдың туған күніне орай  дана Абайдың артына қалдырған өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа ұлықтау және оқырманның бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіріп, рухани жағынан жетілуіне жол бастау мақсатында  «Абай — дана, Абай — дара қазақта»  поэзия сағаты өткізілді. Іс – шараға оқырмандар мен ұстаздар қатысты.  Шара барысында оқырмандарымыз ақынның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындап,  Абай туралы сөз алып, өлеңдерін оқыды. Кеш барысында жүргізушілер презентация қойып, А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолындағы өлшеусіз еңбегін насихаттау мақсатында қатысушыларға жан-жақты ақпараттар ұсынды. Кеш соңында  «Абай халқымыздың данасы» атты блогы таныстырылып, «Әлемге танылған – Ұлы Абай» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово