ақпараттық сағат
Бүгін, 9 тамызда Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай күні атап өтілді.«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демеп пе еді ұлы қазақ?! Аты да, хаты да ел есінде мәңгі қалған Абай Құнанбаевтың “Абай күніне” арналған “Абай дана -Абай дара” атты ақпараттық сағат және кітап көрмесі өтті.
Іс - шара барысында оқырмандарымызды ұлы кемеңгер ақын Абай Кұнанбаевтың өмірбаяны мен шығармаларымен, қарасөздерімен және өлеңдерімен таныстырып, ақын туралы көптеген мәліметтер беріп, сұрақтар қойып, оқырмандардың білімге деген құштарлығын арттыра түстік. Іс - шара соңында кітапханашыларымыз «Абай дана - Абай дара» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.
Бүгінгі іс - шарамызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағымыз келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...
Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.
#obkkarazhal
