«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Ақынмен өткен әсерлі кеш

С.Сейфуллин атындағы кітапханада «Туған жер» жобасы аясында жергілікті ақын Аманбай Баймышевтің «Жырлаймын туған елімді» кітабының тұсаукесері өткізілді. Қазақстан рухани жаңғырудың даңғыл жолына түскен уақытта аймағымызда жарық көрген кітапта автор өмір өткелдері мен өрнектерін, ел мен жер тарихын, ел бірлігін, тәуелсіздік тақырыбын тебірене толғап және етене жақындарына өзінің жүрекжарды сезімдерін арнаған.Өлеңдерінің дені өзінің  туып – өскен жерінің азаматтарына арналған.Шарада қалалық кітапхананын кітапханашылары, ұстаздар, оқушылар «Жырлаймын туған елімді» кітабында жарық көрген өлеңдерін оқып, жас ақын Артықбаев Жалғас ақынға арнап жазған арнау өленің оқыды. Кітаптың таныстырылымының соңында кештің басты кейіпкері А. Баймышев жиналған қауымға өз рахметін айтып, өз өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, өлеңдерін оқып, кітабының жазылу тарихына тоқталды. Одан кейінгі сөз кезегі келген қонақтарға Т.Ілиясов, Ж.Жетімек, Ш. Рсалдин өздерінің ақжарма тілектерін жаудырып, бірге өткерген кездерінен естеліктер айтты. Кеш соңында жыр сүйер қауым ақынмен естелікке суретке түсіп,  өр тұлғалы ағамызбен кездесу дәл осындай естеліктерге толы болды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово