«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Ақ орамал

Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ oрамал» республикалық акциясын өткізуге бастама жасаған болатын. Бүгінде қазақ елінің тарихында философиялық мағынасы терең «Ақ oрамал» акциясы ұлысымыздың ұйытқысы бастау алды.

       Акциясының мақсаты – қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.

        Қазақ елінің тарихында философиялық мағынасы терең «Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған. Яғни, әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған.

       С.Сейфуллин атыңдағы кітапхана мен «Ішкі-саясат, мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімімен бірге Даңқ алаңының алдында іс-шара өткізілді.  Іс-шараға қала мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Іс-шараны ашқан  «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қаражал қалалық филиалының төрайымы   В. Сычева  өз сөзінде, «Бүгін Қазақстан халқы барлық жерде аналық жүрегімен ақ  орамалдарын ақниеті ретінде желбіретіп, Елбасының бейбітшіл бастамаларын қолдау және бізге бейбіт өмір керек деген мәнімен  «Ақ орамал»  акциясын өткізуде» -деп айтқан.  Кеш соңында 5-минут үнсиздик жарияланып, жиналған қауым өз орамалдарын алаңға тастап, бейбіт өмір сүруге шақырды. 

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово