
2021 жылдың жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысында жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 кітап» рухани – мәдени акциясы ұсынылып, үздік 30 кітап таңдалды. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында игі бастамаға айналып үлгерді. Аталмыш жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. Жоба аясында поэзия жанры бойынша Мұқағали Мақатаевтың «Өмірдастан», Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлының «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» жинақтары, ал проза жанры бойынша Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Періштелердің өлімі», Тобық Жармағамбетовтің «Отамалы», Тұрысбек Сәукетайдың «Желқайық», т.б шығармалары таңдалған. Бұдан бөлек драматургия , балалар әдебиеті, аударма жанрларын да бірнеше оқылымды авторлар қамтыған.Кітапханада акция аясында оқырмандарымызға 30 кітап таныстыру мақсатында №1 мектеп оқушылары арасында «30 жылдыққа – 30 кітап» атты ақпараттық сағат өткізілді. «Бір ел – бір кітап» кітап көрмесіне шолу жасалды. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз.
