КГУ «Централизованная библиотечная система города Каражал»
Официальный интернет ресурс

Жайнай бер – Қазақстан

Жыр мүшайра

25 қазан – Республика күніне орай  таланттарды қолдап, шығармашылығын шыңдау мақсатында  «Жайнай бер – Қазақстан» атты жыр мүшайрасы мектеп оқушылары арасында өткізілі. Жыр додасында қатысушылар патриоттық тақырыптағы өлеңдерімен елге деген сүйіспеншілігін жеткізе білді. Жыр додасында жас ақындар өлеңдерін оқып,    көрермендерді бір серпілтті. Жалпы, мүшайраға екі мектептен 8 бала қатысты. Қазылар алқасы мүшелері «Орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі» КММ-нің  директоры Тлеухор Жанжұманова  мен  «Ең үздік жас ақын – 2021» атты Республикалық байқау жеңімпазы, қаражалдық жас ақын Артықбаев Жалғас Елгелдіұлы, «Қазыналы өңір» газеті тілшісі   Балшырын Амантай қазылық етті. Әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылардың сөйлеу мәнерін, сөз шеберліктерін, ой ұшқырлығын салыстыра отырып баға берді. Байқау нәтижесінің қорытындысы бойынша бірінші орынды Рахымбай Дәрия жеңіп алса, екінші орынды Райсова Айдана, ал, жүлделі үшінші орынды Абилжанова Медина мен Мамық Айым иеленді. Өзге қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ, оларға арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Полезные ресурсы

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово