
Дөңгелек үстел
Қалалық кітапханада «Бір ел – бір тағдыр» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Мақсаты :Қазақстан Республикасының халықтар достығы-еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Іс – шара барысында «Қазақстан- достық мекені» атты кітап көрмеге шолу жасалып, аталмыш кітап көрмесінде кітапхана қорындағы әр ұлт тарихына байланысты тарихи және әдеби кітаптар таныстырылды.Қазақстан жерін мекендеген көптеген ұлт өкілдерінің өмірінен сыр шертетін естелік жазбалар мен қоса мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар қойылды. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін.


