
Әдеби кеш
Қалалық кітапханада Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына арналған «Ақындардың дара тұлғасы» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шарамыздың мақсаты – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген кемел ақын Дулат Бабатайұлының шығармаларының өміршеңдігін, маңыздылығын, келер жас ұрпаққа түсіндіру. Сонымен қатар, оның толғаулары арқылы шынайылыққа, шыншылдыққа ұлттық және патриоттық сезімге баулу. Іс-шараға Қаражал тау – кен техникалық колледжінің студенттері мен ұстаздары қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды, оның шығармашылығынан алған әсерлерімен бөлісті. Сондай – ақ, іс-шара барысында кеш қонақтары ақынның өмір жолын баяндай отырып, өлеңдерінің ерекшілігін атап өтті.

